EcoQolday қоқысты қайта өңдеу процесін жеңілдетеді

Қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың қыркүйегінде «Жасыл даму» АҚ Ecoqolday мобильдік қосымшасын іске қосты. Аталмыш платформа арқылы жеке және заңды тұлғалар шыны ыдысты, қағазды, картонды, пластик қаптаманы және пленканы сатуға өтінім бере алады.
Мысалы, қағаз қалдықтарының бір килограмы үшін Үкімет 45,61 теңге, шыны қаптаманың қалдықтары үшін - 57,25 теңге, полимерлі қаптама – 71,76 теңге, жеңіл/жүк шиналары – 53,08 теңге мөлшерлемесін бекітті.
Өтінім беру процессі өте жеңіл:
EcoQolday қосымшасына тіркеліңіз;
Қалдықтарды тапсыруға өтінім орналастырыңыз;
Жинаушылардан ұсыныстар алыңыз;
Келісім жасап, шикізатты өткізіңіз.
EcoQolday қосымшасы Google Play және iOS-та қолжетімді.
Бұл платформа еліміздегі қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жағдайды жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ.
Қазіргі таңда 64 компаниямен, 38 жинаушымен, 17 қайта өңдеушімен және 9 толық циклді кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды.
EcoQolday қосымшасы іске қосылғаннан бері 23,4 мың тонна қалдық (қағаз – 18,0 мың тонна, шыны – 5,1 мың тонна, пластик – 0,3 мың тонна) қайта өңдеуге жіберілді.