Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Вьетнамдық ROX Group Қазақстанда ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнамның ROX Group компаниясының жаһандық даму және инвестициялар жөніндегі директоры Ле Ан Дыкпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Атап айтқанда, ROX Group жаңартылатын энергия көздері саласында, оның ішінде ірі энергетикалық нысандар салу жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, компания өнеркәсіптік және туристік инфрақұрылымды дамыту жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруда, сондай-ақ банк және қаржы секторына да қызығушылық танытуда.

Кездесу барысында Ә. Қуантыров Қазақстанның стратегиялық әріптестікке және елде ұзақ мерзімді қатысуға бағытталған инвесторларды тартуға мүдделі екенін атап өтті: «Біздің мақсатымыз — тек инвестициялық ағындарды арттыру емес, сапалы, технологиялық және орнықты жобаларды тарту. Біз ROX Group сияқты компаниялар өз бастамаларын Қазақстанда сенімді түрде жүзеге асыра алатындай жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл жобалар ел экономикасына нақты әсер етуі тиіс».

Өз кезегінде, Ле Ан Дык Қазақстанның географиялық орналасуы, саяси тұрақтылығы және инвестициялық тартымдылығының ерекше үйлесіміне ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, ROX Group Қазақстандағы іскерлік ахуалды және Үкіметтің инвесторларды қолдауға бағытталған іс-шараларын жоғары бағалайды. Ол сондай-ақ Қазақстан энергетика, логистика және қаржылық қызметтер сияқты салаларда үлкен әлеуетке ие екенін және компанияның өңірлік стратегиясында негізгі буынға айнала алатынын атап өтті.

Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп пысықтауға дайын екендерін білдірді. Қазақстан тарапынан инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеуге, жобаларды сүйемелдеуге және салалық мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасауға жан-жақты қолдау көрсетілетіні расталды.

Анықтама:

ROX Group — 1996 жылы негізі қаланған Вьетнамдағы ең ірі жекеменшік көпсалалы холдингтердің бірі. Компания энергетика, девелопмент, қаржы, инфрақұрылым және қонақүй бизнесі салаларына инвестиция салады. Топтың портфелінде 12 елде 100-ден астам инвестициялық нысан бар, ал шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Халықаралық ауқымдағы флагмандық жобаларының қатарында — қуаттылығы 1900 МВт болатын күн электр станциясы және Бішкектегі ауқымды урбанистік кластерді қамтитын мегажоба бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив