Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Семейде «Бабалар ізімен» атты мамыр айындағы мерекелерге арналған айлық басталды

10-04-2023, 12:30 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған айлық «БАБАЛАР ІЗІМЕН» дөңгелек үстелінен басталды.

Абай облысының  орталығы Семей қаласының тұрғындары мамыр мерекелерін 2023 жылдың 9 сәуірі мен 9 мамыры аралығында атап өтеді. Биыл Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған «БАБАЛАР ІЗІМЕН» айлығы аясында 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.

Айлықтың мақсаты - өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық және рухани тұрғыдан тәрбиелеу; Отаның қорғаған ерлердің ерліктерін есте сақтау; соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Оның ішінде акциялар, көрмелер, тақырыптық кештер, сынып сағаттары, концерттер, конкурстар, кездесулер, спорттық жарыстар, көрме қойылымдары, жиналыстар, ашық есік күні және т.б. іс-шаралар өткізіледі.

«БАБАЛАР ІЗІМЕН» айлық аясында дөңгелек үстел өткізілді. Оған ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағалары, алғашқы әскери дайындық басшылары, «Жас Сарбаз» ұйымының төрағалары және Әлихан Бөкейхан университетінің әскери кафедрасының меңгерушілері қатысты.

Сонымен қатар, Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Семейдегі ардагерлер хорына 55 жыл толып отыр. Осыған орай, 9 сәуір күні Жеңіс күнімен бірге алғашқы іс-шарлардың басы халықтық ардагерлер хорының есептік концерті өткізілді.

Айлық аясында «Әкелердің даңқы жолымен» акциясы жоспарланған, үгіт-насихаттық көлік колоннасы Қарауылдан Мақаншыға дейін «Әкелер жолымен» Даңқ орындары бойынша өтетін болады. «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында республикалық спорттық жарыстар жоспарланған.

Іс-шараларға ардагерлер ұйымдары, жалпы білім беретін мекемелер, «Жасұлан» мектеп-лицейі, «Жас Сарбаз» қозғалысы және т.б. қамтылады. Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күніне орай жас әскерге шақырылушыларды Қазақстан Қарулы Күштері қатарына салтанатты түрде шығарып салу, сондай-ақ қызмет етіп келген сарбаздармен салтанатты кездесу жоспарлануда. Сондай-ақ, бір ай бойы оқушыларға қалалық мәдениет үйіндегі жауынгерлік даңқ мұражайына, қалалық офицерлер үйіне және әскери техника паркіне экскурсиялар өткізілетін болады.

Жалпы, мамыр айындағы мерекелерді мерекелеу жоғары дәрежеде жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив