Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.58 622.75 6.71

«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінім қабылдау қыркүйекке дейін жалғасады

Кеше, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарын насихаттауға бағытталған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.

Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланды.

Қаламгерлер шығармаларында қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін ашуы керек.

Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуы тиіс.

Байқауға бұрын соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады.

Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады.

Байқауға ұсынылатын шығармалар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76.
Электронды пошта: erlikpenenbekdastany@gmail.com 

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7727-397-61-97, +7727-397-61-15.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив