Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Аягөзде батальондық тактикалық оқу-жаттығуы өтуде

11-04-2023, 08:32 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес шынайы ұрыс түріне жақындатылған бөлімшелердің далалық шеберліктері мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Аягөз гарнизоны танк бригадасында  батальондық тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған тактикалық жаттығуда бөлімдегі батальондардың жеке құрамы дабыл бойынша жауынгерлік даярлыққа келтіріліп, «Майлин» оқу-жаттығулар өткізу полигонына  аттанды.Далалық оқу-жаттығу алаңына ұрыс машиналарымен марш жасап өткен жеке құрам жауынгерлік іс-қимылдарға даярлықтарын пысықтап, ұрыс жүргізу ауданына шығып, қорғаныс шараларына қатысады.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты жеке құрамның үйлесімді іс-қимылдарына қол жеткізу, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және дағдылар мен іс-қимылдарын автоматизмге дейін бойларына сіңіру болып табылады. Сонымен қатар, командирлердіӊ біліктілігімен мен басқару тәжірибесін арттыру, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету де маңызды.

Батальондық тактикалық топтары бригада командирінің шешімімен құрылады. Жаттығу өткізу барысында басты назар жауынгерлік тәртіпке, атыс жүйесіне, жер жағдайын шеберлікпен пайдалануға және атыс маневрін үйлестіре отырып ие болған аумақты нық сақтауға, сондай-ақ түндегі белсенді жауынгерлік әрекеттерге аударылатын болады.

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер аталған аудандағы елді мекенді қорғауда, заңсыз қаруланған құралымдарды жоюда өз шеберліктерін көрсете білді, – деді танк әскери бөлім командирі подполковник Дәулет Сүттібаев.

Айта кетейік, батальондық тактикалық топтардың оқу-жаттығуы сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив