Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Көлік министрлігінде жасанды интеллект бойынша оқыту семинары өтті

7-08-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігі орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін жасанды интеллект тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектті енгізудің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылап, заманауи технологиялар мен олардың практикалық қолданылуымен танысты.

Басты спикер ретінде Yandex компаниясының онлайн университетіндегі Data Science бағытының жетекші сарапшысы Евгений Арзамасцев сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару мен түрлі салаларда қолданылуы туралы жан-жақты баяндама жасады.

Министрлік цифрлық сауаттылықты арттыру, жетекші технологиялық компаниялармен әріптестікті нығайту және көлік саласына инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив