Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Ақсуат ауданында тұрғын үйлер салынып жатыр

11-08-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Ақсуат ауданына әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қоспәтерлі 48 үй (яғни, 96 пәтер) салу жоспарланған. Бұл – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі.

Қазіргі таңда осы жобаның аясында құрылыс жұмыстары басталып, бірнеше елді мекенде жаңа үйлер бой көтеруде. Атап айтқанда, Ақсуат ауылында қоспәтерлі 9 үйдің (18 пәтер) және Ойшілік ауылында қоспәтерлі 5 үйдің (10 пәтер) құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңдарында тиісті инфрақұрылым тартылып, сапа мен мерзім талаптары сақталып отыр.

Алдағы уақытта Ақсуат ауданының басқа да елді мекендерінде тұрғын үй құрылыстары жалғасатын болады. Бұл бастама аудандағы баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешіп, көптеген отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив