Облыс әкімі құрылысшылар күніне арналған салтанатты шараға қатысты
Аймақ басшысы Берік Уәли Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Іс-шарада облыс әкімі құрылыс саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін атап өтті.
Сонымен қатар құрылыс саласында көпжылдық адал еңбегімен және жоғары кәсібилігімен дараланған азаматтар мемлекеттік наградалармен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
«Парасат» орденімен Сәуле Досқұжанова, «Құрмет» орденімен Ахат Айтқазин, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қалқаман Бояубаев, Радик Сабитов және Азамат Хусаинов марапатталды. Ал осы саланың тағы 15 өкілі облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.
Жиын соңында аймақ басшысы құрылысшыларға зор денсаулық, жаңа табыстар және еңбекте толағай жетістіктер тіледі.