Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды

14-08-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін сағат 18:30-да аяқталады.

Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.

Техникалық ақауларға байланысты өтінімді жаңадан ашылған premiya2025@cisc.kz электронды мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=ru  сілтемесі бойынша біле аласыздар.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив