Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Антикор бюджеттің 7,3 миллиард теңге шығынының алдын алды

16-02-2023, 11:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бұл туралы Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің 1-ші көшпелі отырысы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте хабарлады.

Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы спикерлерінің баяндамалары мен презентациялары сайтта жарияланды және келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/426640?lang=kk

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының кеңейтілген отырысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы айтты.

«Ағымдағы жылы Парламент Мәжілісіне бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың заңнамалық негіздерін бекіту бойынша тағы 2 заң жобасы енгізілетін болады. Атап айтқанда, бұл қаржылық тергеу институтын енгізуге, пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялауға, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуге және мүдделер қақтығысын құқықтық реттеуді дамытуға қатысты», - деп түйіндеді Малахов.

Көшпелі комиссия отырысы спикерлерінің баяндамалары мен тұсаукесерлері сайтта жарияланды және келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/426849?lang=kk

3. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ұсыныстар әзірлеу және пікір алмасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру талқыланды.

Алматының аса қауіпті салаларының бірі-жер қатынастары.

Бұл салада көлемі 16 гектардан асатын 23 жер учаскесі, оның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курортында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері және бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетіне тиесілі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Спикердің баяндамасы сілтеме бойынша жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/426774?lang=kk

4. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мегаполис кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылады.

Кәсіпкерлер кездесетін негізгі проблемалар - рұқсат беру құжаттарының әр түрін алу, артық талаптар қою, бизнесті ашу мен жүргізудің қиындығы, заңнаманың жетілмегендігі.

Антикоррупциялық қызмет барлық назарды бизнестің дамуына кедергі келтіретін жоғарыда аталған қиындықтарды шешуге және жоюға аударып отыр.

Алматы кәсіпкерлері шекарадағы заңсыз әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтерді.

Спикердің баяндамасы сілтеме бойынша жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/426719?lang=kk

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив