Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Семейде «Елімай» футбол клубының ресми таныстырылымы өтті

10-04-2023, 19:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан футболының отанына айналған Семей қаласының «Елімай» футбол клубы үш дүркін ел чемпионы болғаннан кейін араға бірнеше жыл салып қазақ футболына қайта оралды.

Бүгін Абай атындағы театр сахнасында клуб ойыншылары таныстырылды. Атап айтар болсақ, қақпашылар құрамында Семей футболының тәрбиеленушісі Рахат Мавликеев, Қазақстан премьер-лигасның сапында ойнаған Денис Кавлинов, Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі Таир Берденов, «Қайрат» ФК тәрбиеленушісі, Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Никита Пивкин бар. 

Қорғаушылар қатарында Семей футболының тәрбиеленушілері Нұрсұлтан Советқазы, Досжан Кенжеғұлов, Данияр Плотников, Беларусь чемпионатында жүзден астам матч қатысушысы, 2022 жылғы еурокубоктардың қатысушысы Валерий Каршакевич, Өскемен футболының тәрбиеленушісі, Қазақстан премьер-лигасында жүзден аса матч қатысушысы Дмитрий Шмидт, Жамбыл футболының тәрбиеленушісі Берік Айтбаев, Көкшетау футболының тәрбиеленушісі, ел премьер-лигасында елуден жоғары матч қатысушысы Сұлтан Әбілғазы, Талдықорған футболының тәрбиеленушісі Берік Шаихов, Шымкент футболының тәрбиеленушісі Бақытжан Маликов бар. 

Жартылай қорғаушылар сапында Семей футболының тәрбиеленушісі Нарби Мерғазы, Қазақ футболы тарихындағы Жапонияның алғашқы өкілі Такуя Мацунага, Мәскеулік Спартак тәрбиеленушісі Магомедэмин Рабаданов, Атырау футболының тәрбиеленушісі, Қазақстан премьер-лигасында жүзден жоғары матч қатысушысы Алтынбек Сапаров, «Қайрат» ФК тәрбиеленушісі, Қазақстан премьер-лигасында елуден жоғары матч қатысушысы Арман Нүсіп, Семей футболының тәрбиеленушісі Мохаммед Енсебаев, Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі Әлібек Жәрдемов, клубтың ең жас мүшесі, 16 жастағы Азамат Зинадин бар.

Шабуылдаушылар құрамында Семей футболының тәрбиеленушілері Карим Смыков, Айдын Металлов, Мәскеулік Спартак тәрбиеленушісі, Еврокубок пен Ресей премьер-лигасының жүзден жоғары матч қатысушысы Павел Яковлев, Тбилисилік Динамо тәрбиеленушісі Бека Кавтарадзе, Мәскеулік Спартак тәрбиеленушісі Максим Житнев, «Қайрат» ФК тәрбиеленушісі Ален Айманов бар.

Құрама ойыншыларының капитаны ретінде Семей футболының тәрбиеленушісі, Қазақстан премьер-лигасында жүзден жоғары матч қатысушысы Еркебұлан Нұрғалиев таңдалды.

Сондай-ақ, жиында клубтың спорттық директоры Андрей Богомолов пен жаттықтырушылар құрамы таныстырылды. Олардың қатарында қақпашыларға жауапты Александр Ольхов, физикалық дайындыққа жауапты Дмитрий Таргонский, жаттықтырушы ассистенті Гавриш Николай мен жаттықтырушы Ринат Алюетов және клубтың бас жаттықтырушы Самат Смақов бар.

Бұл біздің облысымыздың тұрғындары үшін маңызды оқиға әрі 90–шы жылдары футбол алаңында жұлдызы жарқыраған «Елімай» футбол клубының жаңа тарихының бастауы.

Кеш барысында клубтың негізін қалаушылардың бірі, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құттықтау сөз сөйлеп, барша жанкүйерлерді бүгінгі ерекше күнмен құттықтады.

Сонымен қатар, кеш тезгінін ұстаған Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин жұлдызды қонақ ретінде шақырылып, қағытпа әзілдерімен «Не кипишуй» КВН командасы сахна төрінде өнер көрсетті.

Белгілі актер Рүстем Омаров жаңадан жасақталған «Елімай» футбол клубының бренд-амбассадоры атанды.

Танымал әнші Диаз Мусалимов «Елімай» футбол клубының гимнін жаңа оранжировкада орындады.

Шара «Abay Media Group» ЖШС қолдау көрсетуімен толықтай тікелей толқында трансляцияланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив