Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бесқарағай ауданында үш ауылдық округте жаңа мәдениет үйлері салынып жатыр

14-08-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданында мәдениет саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда Ерназар, Беген және Глуховка ауылдық округтерінде 100 орындық жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр.

Ерназар ауылындағы жобаның құны – 346,4 млн теңге. Оның ішінде 200 млн теңге бөлініп, жұмыстың 30%-ы орындалған. Беген ауылында мәдениет үйінің құрылысы 391,8 млн теңгеге жоспарланған, биыл оның 81,5 млн теңгесі игеріледі. Глуховка ауылындағы жоба құны – 477,9 млн теңге. 172,9 млн теңге бөлініп, жұмыстың 70%-ы аяқталды, 82,3 млн теңге игерілді.

Жаңа нысандар елді мекендердің мәдени тынысын кеңейтіп, өнер мен шығармашылықты дамытуға серпін береді деп күтілуде. Қазіргі уақытта ауданда 1 мәдениет үйі, 10 ауыл клубы, 1 орталық кітапхана және 19 ауыл кітапханасы тұрақты қызмет көрсетіп отыр. Жыл басынан бері осы мекемелерде 130-дан астам мәдени іс-шара өткізіліп, 6 045 адам қатысқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив