Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері субсидиялауға өтінімдерді жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйе gosagro.kz арқылы бере алады
«Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде АӨК субъектілері үшін әзірленді. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Субсидиялау облыстық комиссияның шешімі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдер субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер мен өлшемшарттарға сәйкес белгіленген субсидиялау қағидаларына сәйкес электрондық жүйеде автоматты түрде қабылданады. Нәтижесінде базаға келіп түскен барлық өтінімдер комиссияның қарауына жіберіледі.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды бағыттар бойынша субсидиялау:
- ет және ет-сүтті мал шаруашылығы
- сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
- тауық еті шаруашылығы
- тауық жұмыртқасы шаруашылығы
- қой шаруашылығы
- жылқы шаруашылығы
- түйе шаруашылығы
- шошқа шаруашылығы
Субсидиялау нормативтері мен критерийлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2022 жылғы 16 маусымдағы № 197 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған.
Субсидия алуға үміткер шаруашылық жүргізуші субъектілері осы талаптардың барлығына сәйкес келуі тиіс.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттар бойынша:
- басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін дамыту;
- тұқым шаруашылығын дамыту;
- тыңайтқыштардың құнын арзандату (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
- саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату.
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құны
Субсидиялау нормативтері мен критерийлері «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен айқындалған. Субсидия алуға үміткер шаруашылық жүргізуші субъектілері осы талаптардың барлығына сәйкес келуі тиіс.
Инвестициялық жобалардың паспорттары бойынша инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.
Жобалар паспорттарының тізбесі мен нормативтер «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 тамыздағы № 243 бұйрығымен айқындалған. Инвестициялық субсидиялар алуға үміткер шаруашылық жүргізуші субъектілері осы талаптардың барлығына сәйкес келуі тиіс.
Барлық шығарылған бұйрықтар, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.