Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Аягөздегі тірек мектеп: ауыл баласы армандаған орынға айналды

сурет: furo.kz
сурет: furo.kz
Бүгін, 10:27 018.kz

Аягөздегі көпбейінді қазақ 2022 жылғы тірек мектептер қатарына қосылған. Осакаровкада өтіп жатқан Тамыз саммитінде мектеп директоры Айнұр Қанапянова ауыл мектебіндегі өзгерістер жайлы айтып берді. 

Аягөздегі көпбейінді қазақ мектеп гимназиясында 1300 жуық бала білім алады. 2022 жылды Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» қоры, Aitas холдингі мен Назарбаев интеллектуалды мектептерінің «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы атанды. Айнұр Әулейісқызы да сол жылы көпбейінді мектеп директоры қызметіне ротация бойынша ауысып келген. Мектеп директоры тірек мектептер желісіне қосылуды басынан ойлаған екен. Ал жобаға қосылғаны мектеп ұстаздарының ғана емес, ата-аналардың үлкен қолдауына ие болғанын айтады: 

«Тірек мектептер желісіне қосылу аймаққа үлкен серпіліс, ата-аналарға сенім берді. Алғаш жобаның мүшесі болып, бүкіл құрал-жабдықты мектептің спортзалына кіргізген, соны естіген ауыл азаматтары, ата-аналар келіп, барлық оқу құралдарын кабинетке жеткізіп беруге көмектесті. Кешке дейін жүріп, өздері барлығын ұйыстырды,» - дейді Айнұр Әулейісқызы.

Мектеп ұстаздары 3 жыл бойы Назарбаев зияткерлік мектептерінің біліктілік арттыру курстарынан өтті. Аз уақытта ұстаздардың да деңгейі өскен және оқушылардың жетістіктері мақтанарлық: 

«2022 жылы мұғалімдеріміз 56%-ы модератор, сарапшы, зерттеуші деңгейінде болған. Яғни, педагогикалық құрамның жартысының арнайы біліктілік санаттары болмаған. Бүгінде мұғалімдеріміздің 79%-ға жеткен. Биыл мектебіміз «100 үздік мектеп» конкурсының жеңімпазы атанды, сондай-ақ Абай облысының үздік орта білім беру ұйымы номинациясы мен арнайы грант жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, оқушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған STEM Skills Hackathon жеңімпазы атанып, 3 000 доллар сыйақы алды» - дейді Айнұр Әулейісқызы.

Аягөз көпбейінде мектеп гимназиясының балалары облыстық, республикалық олимпиадалар мен сайыстарға қатысу саны артты. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін бойынша орташа ұпай саны 71-ден 82-ге өскен. 

Тірек мектеп ұстаздары мектеп айналасынан шығып, шағынжинақты мектептермен де тұрақды байланыс орнатып отыр. Тұрақты қолдауға ие болған көрші мектептердің көрсеткіштері де жақсы. Халықаралық ғылыми робототехника байқауында Ақшәулі мектебі – 3 орын, Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысында Майлин мектебі – 3 орын, Республикалық Мұқағали оқуларында Мыңбұлақ мектебі – 2 орын иеленді

«Біздің мектеп өзгерісті қабылдап қана қоймай, оны іске асыра алатын, дамуға ұмтылатын білім ордасы. Бұл-өздігінен орын алған нәтиже емес. Бұл-өзгерістен қорықпаған ұжымның, жаңашыл мұғалімдердің, сенім артқан ата-аналардың және білімге құштар оқушылардың, ең бастысы бар жағдайды жасап берген жоба серіктестерінің біріккен күш-жігерінің жемісі. Бұл жоба арқылы біз тек мектепті емес, тұтас ауылды дамытудың нақты мысалын көріп отырмыз. Ендеше, бізге артылған сенімді ақтап, болашақ ұрпаққа сапалы білім беруде аянбай еңбек ету - басты мақсатымыз» - дейді ауыл директоры.

Естеріңізге салсақ, AITAS холдингі мен Назарбаев зияткерлік мектептері 2019 жылы ауылдағы тірек мектептердің ұлттық желісін құру стратегиясын жасап, «Ауыл мектебі Powered by NIS» жобасын қолға алған. Ал 2022 жылы аталмыш жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауы арқасында республикалық жобаға айналды, ал Білім беру саласын тұрақты дамыт қоры жобаның оператора атанды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы еліміздің әр ауданы мен қаласында тірек мектепті қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде ауылдағы 192 тірек мектепке жалпы сомасы 50 млрд-қа жуық қайырымдылық қаражаты құйылған.

Жоба туралы барлық ақпарат пен есеп furo.kz сайтында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив