Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Марат Қапарұлы Теміржанов 1972 жылы 1 қаңтарда Абай облысы Көкпекті ауданы Ұзын Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «Зоотехния» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы совхозында ветеринар технигі болып бастаған. Әр жылдары «Аббат» ЖШС-де, телекоммуникация саласында, ауыл шаруашылығы және қаржы ұйымдарында еңбек етті.

2006-2009 жылдары Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, 2009-2010 жылдары Белое ауылдық округінің әкімі, 2010-2015 жылдары Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015-2025 жылдары Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болды.

2025 жылдың ақпан айынан бастап Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылғы 18 тамыздан бастап Марат Қапарұлы Теміржанов Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив