Үржардағы жағдай бойынша соңғы ақпарат белгілі болды

Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты ұшып шықты.
Пациенттерді Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына госпитализациялау туралы шешім қабылданды.
Бортта балаларды дәрігерлер бригадасы алып жүр: ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жәкіпов және Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургы С. Сейітбеков.
Оқиға орнында аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлық бригада барлық диагностикалық тексерулерді жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына баға беріп, шұғыл ем жоспарын құрды.
Жағдайдың тұрақсыздығын ескере отырып, тоғыз жасар қыз пациенттердің бірі Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауында жағдайы тұрақталғанша стационарда қалдырылды.