Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

22-08-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Азаматтық қорғау саласын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту мақсатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 5 заманауи өрт сөндіру техникасымен толықты.

• 3 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернасы;
• 2 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА);

Өрт сөндіру автоцистернасы өрт сөндіру сорғысымен, арнайы сыйымдылықтармен жабдықталған және жеке құрамды, техника мен өрт сөндіру заттарын өрт орнына жеткізуге арналған.

Сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА) – ірі өрттерді сөндіру кезінде аса қажет техника. Ол жеке құрамды және құралдарды өрт орнына жеткізіп қана қоймай, 2 шақырым қашықтыққа дейін су беруді қамтамасыз етіп, резервтік су қорын құруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив