Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

«Мейірім» акциясы аясында Абай облысында балаларға қолдау көрсетілуде

28-08-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 2024 жылдың ақпан айынан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында «Мейірім» акциясы жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда 222 бала облыстық басқармаларға, қала мен аудан әкімдік бөлімдеріне, денсаулық сақтау ұйымдарына, мектеп, колледж және жоғары оқу орын ұжымдарына бекітілді.

Сонымен қатар 165 баланың жинақ шотына жалпы көлемі 47 млн 015 мың 189 теңге аударылды.

Бұл бастама балаларға материалдық әрі рухани қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың әлеуметтік бейімделуіне және болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

Патронаттық ұйымдардың қамқорлығына берілген балалар 23 жасқа толғаннан кейін, сол ұйымдардың келісімімен жинақталған қаражатты тұрғын үй сатып алуға, білім алуға немесе ауыр сырқат кезінде пайдалануға құқылы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив