Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында өрт сөндіру тірек бекеті ашылды

2-09-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында Мақаншы ауданының Қабанбай ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру тірек бекеті ашылды.

Іс-шараға Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бекеті заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда "Урал" және КамАЗ маркалы өрт сөндіру көліктері бар.

Бекетте 3 өрт сөндіруші қызмет етеді. Олар 4 су бүріккіш қондырғы, 3 өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі, 3 дана күнделікті киіммен және өзге қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Кезекшілікті тиімді ұйымдастыру үшін бекетте жатын орын, кезекшілік телефоны және арнайы рациялар қарастырылған.

Жаңа өрт сөндіру тірек бекеті ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ елді мекендердегі халықтың өмірі мен мүлкін өрттен қорғауға бағытталған маңызды нысан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив