Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммиті қарсаңында Ұйымға мүше мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақ тарапынан ШЫҰ мәселелері жөніндегі ҚР Ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев қатысты.

Іс-шарада 2025 жылғы 1 қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзиньде өтетін алдағы отырысын дайындау мәселелері қаралды.

Ерекше назар саммиттің қорытынды құжаттарының, оның ішінде Тяньцзинь декларациясы мен ШЫҰ-ның 2035 жылға арналған Даму стратегиясының, сондай-ақ сауда, энергетика, цифрлық экономика, инвестициялар, қауіпсіздік, жаңа технологиялар, «жасыл» өнеркәсіп және мәдениет салаларындағы құжаттардың әзірлеуіне аударылды.

Сонымен қатар ШЫҰ жұмысын одан әрі жетілдіруді, шарттық-құқықтық базаны өзектендіруді және Ұйымның халықаралық қызметін кеңейтуді қоса алғанда, көпжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өңірдегі орнықты және тұрақты даму мүддесіне бағытталған өзара сенімді, достықты, тату көршілікті нығайту және көпсалалы кооперацияны дамыту жөніндегі ШЫҰ қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге бағытталғанын растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив