Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Биыл адамзаттың ғарышты бағындырғанына 62 жыл

12-04-2023, 11:03 018.kz

12 cәуір - тарих беттерінде алтын әріппен жазылған күн. 1961 жылы алғаш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа қадам басты. 108 минутқа созылған бұл сапар ғылымның жаңа сатыға көтерілуіне көмектесті. Кеңес Одағында осыдан бастап бұл күн - «Ғарышкерлер күні» болып атап өтілді.

Ал қазақ ішінен тұңғыш рет жер орбитасын айналып өткен - Тоқтар Әубәкіров болды. 1991 жыл, 2 қазан «СоюзТМ-13» кемесі арқылы ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут саяхаттады. Тоқтар Әубәкіров ғарышта болған уақытында Арал теңізіндегі тұзды шаңның пайда болуы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазақтан шыққан 2-ші ғарышкер (әлемнің 309 ғарышкері) тәуелсіз Қазақстанның бірінші ғарышкері –  Талғат Мұсабаев. Ғарышқа алғаш сапарын 1994 жылы жасаған. Одан бөлек үш мәрте  жер орбитасын айналып ұшып, өмірінің бір жылға жуық уақытын яғни, 341 күнін ғаршта өткізді. Осылайша Гиннес рекордтар кітабына енген.

Айдын Айымбетов – жер кіндігі Байқоңырдан «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанып, 9 күн 20 сағат, 13 минут 51 секундтан соң жерге қайта оралды.

Жер шарында 180 аса мемлекет болсада, бір елден үш немесе оданда көп ғарышкерлерін аспанға аттанлырғандар өте аз, солардың бірі – Қазақстан.

Айта кетейік, осыдан 49 жыл бұрын БҰҰ Бас ассамблеясының 7 сәуірдегі отырысында 12 сәуір Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні ретінде  бекітілді.

Наргиз АЙДЫН

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив