Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Облыс әкімі Көкпекті ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

5-09-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, тіл саясаты және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.

Көкпекті ауылының тұрғыны Гүлмира Айдарғазина тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады. Оның жалғыз баспанасы апатты деп танылған. Қоғам белсендісі Қайдар Чайзаданов мемлекеттік тілдің мәртебесі мен «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолындағы жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға қатысты сауал қойды.

Облыс әкімі Берік Уәли қабылдауда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, заң аясында шешілетінін атап өтіп, аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Аймақ басшысының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив