Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.07 541.86 6.08

Астанада «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды

5-09-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарға ғалымның құнды мұраларын кеңінен дәріптеу, шығармаларын таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Кітап көрмесінде А.Байтұрсынұлы шығармаларының алты томдығы, «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Ақ жол», «Маса», «Қырық мысал», «Жан сөзімді кім түсінер?», сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш мұрасы», «Арыстары Алаштың», «Алашорда» еңбектері және ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған басқа да зерттеу еңбектері қойылды.

Көрмеге жалпы 100-ден аса құнды басылым мен құжат ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив