Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді
Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті аудандық ауруханасына барып, нысанда жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
2010 жылы пайдалануға берілген ауруханада бүгінде 243 қызметкер еңбек етеді. Медициналық мекемеде 40 төсек-орын қарастырылған. Хирургия, инфекция, гинекология, терапия және педиатрия бөлімшелері жұмыс істейді.
Биыл мұнда күрделі жөндеу жүргізілді. Жедел жәрдем блогының кіреберісі қайта жаңғыртылып, жұмыс толығымен аяқталды. Сонымен қатар, аурухана ғимаратының қасбеті жаңартылды.
Облыс әкімі ауруханада жүргізілген жұмыстарды көріп, дәрігерлермен пікірлесті. Медициналық мекеменің тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуі маңызды екенін атап өтті.
«Көктемде ауданға келгенде арнайы тапсырма беріп, тиісті қаражат бөлгізген болатынмын. Ол кезде ғимараттың кіреберіс баспалдағы тік, көлік кіріп-шығуға ауласы тар, сыртқы жарығы жоқ болатын. Енді, міне, жаңарып, заманауи келбетке еніпті. Құтты болсын. Халық игілігі үшін жұмыс істесін» , – деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»