Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Абай облысының оқушысы бақша суаратын робот ойлап тапты

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ералы Қыстаубай ауыл шаруашылығына арналған ерекше құрылғы жасап шықты. Ол топырақтың ылғалдылығын анықтап, автоматты түрде су жіберетін робот құрастырды.

Құрылғы күн энергиясынан жұмыс істейді. Оның құрамына сорғы, қозғалтқыш, дөңгелек, аккумулятор мен басқару жүйесі кіреді. Жас өнертапқыш ауыл шаруашылығында суды үнемдеуді басты мақсат еткен. Ералының айтуынша, робот суды үнемдеуге, өнімділікті арттыруға және адам еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оны жылыжайда, егістікте немесе бақшада қолдануға болады.

Жоба барысында ол сенсорлардың жұмысын меңгеріп, суарудың тиімді алгоритмін құрастырды, роботтың сызбасы мен 3D моделін дайындады, микроконтроллерді бағдарламалап, құрылғыны құрастырды. Жылыжай мен мектеп ауласында сынақтардан да өткізіп көрген.

«Мақсатым – табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығын заманауи технологиямен дамыту. Болашақта мұндай роботты фермерлерге ұсынсам деймін», — дейді оқушы.

Жас өнертапқыш болашақта құрылғысында ЖИ элементтерін дамытпақшы, сондай-ақ ауыл шаруашылығына енгізбек ойы бар.

Жетекшісі — информатика пәні мұғалімі Жанар Шаймұратова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив