Облыс әкімі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мәртебелі қонақ өз сөзінде Абай облысына осымен үшінші мәрте келіп отырғанын, өңірде арнайы өкілдері жұмыс істейтінін атап өтті. Өзара тәжірибе алмасып, аймақты дамыту бағытында бірлесе әрекет етуге пейілді екендерін жеткізді. Катаржина Вавьернианың айтуынша, олар тұрғындардың тілегі бойынша облысымыздың төрт ауданында балалар ойын алаңдарын салу, мұз айдынын ашу және қоқыс тастауға арналған құрылғылар орнату сияқты шағын жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Аймақ басшысы БҰҰ Даму бағдарламасымен әріптестікті жоғары бағалайтынын айтып, мәртебелі қонаққа өңірге арнайы келгені үшін алғысын жеткізді.