Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Үкімет қабылдайтын шаралар мен қадамдардың барлығы азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс — Олжас Бектенов

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды. Жолдауда Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау саласын реформалау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Премьер-министр аталған жұмыс шеңберінде Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірлерге арналған бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.

«Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастау керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдайтын боламыз. Үкіметтің міндеті – барлығына бірдей жағдай жасау, ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оол үшін цифрландыруды және жасанды интеллект технологияларын терең енгізу арқылы экономиканың барлық салаларындағы мемлекеттік қызметтерді бақылау мен мониторинг жүргізудің түбегейлі жаңа әдістері жасалуы тиіс екенін атап өтті. 

Осыған байланысты Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тапсырма берді:

  • Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін Еңбек министрлігі жанындағы Әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу қажет.

  • Мемлекеттік органдар Әлеуметтік кодекске әлеуметтік аудит тетіктерін енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасының жедел келісілуін қамтамасыз етуі керек.

  • Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауы қажет.

  • Осы жылдың 1 қазанына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасы қабылдануға тиіс. Олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек.

  • Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет.

  • Осы мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуі тиіс.

  • Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, «Sana» жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет.

  • Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері екі ай мерзімде білім алушыларға үздіксіз көп деңгейлі экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негіздерін бекітсін.

  • Цифрлық даму министрлігі екі апта ішінде Ғылым министрлігіне инновациялық саясат жөніндегі функцияларды беру мәселеЛерін қамтамасыз етсін.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауда туристік нысандарда инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өтуіне байланысты туризм саласына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Премьер-министр бұл жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапкершілігі екенін атап өтіп, қысқа мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартудыі тапсырды. 

Ұлттық экономика министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, бір апта мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобаларын аса маңызды объектілер және жалпыұлттық маңызы бар жобалар деп танып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілсін. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі өңірлермен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына дейін Футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлесін.

Медициналық инфрақұрылымды жаңарту Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл бөлімде Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне салынған көпсалалы ауруханалардың іске қосылуын қамтамасыз етуді, өңірлерде жаңа объектілер салуды жалғастыру үшін әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестициялар тартуды және жыл соңына дейін медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін іске қосуды тапсырды.

Сондай-ақ Премьер-министр Президенттің «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы құқық бұзушылық пен заңсыздыққа мүлдем төзбеушілікті ұстана отырып, қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын орнықтыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрмыстық және көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен, әсіресе жастармен ақпараттық-тәрбие жұмыстарын жандандыруы қажет. Біз Президенттің "Заң мен Тәртіп" қағидатының ел аумағында толық орындалуын қамтамасыз етуіміз керек», — деді Олжас Бектенов.

Жолдауда жол қауіпсіздігі мәселесі мен көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне ерекше мән беріліп отыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне тиісті жұмысты күшейту, сондай-ақ, жол ережесін қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұдан басқа, электросамокаттарды және басқа да жеке мобильді қозғалыс құралдарын пайдалану мәселелерін реттейтін заңнамалық түзетулерді ілгерілету жұмысын барынша қысқа мерзімде аяқтау міндеті қойылды.

«Үкімет қабылдайтын барлық шаралар мен қадамдар азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив