Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Асқарбек Ертаев пен Чжо Тэ-ик Қазақстан азаматтарын Кореядағы жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады

11-09-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик екіжақты кездесу өткізді.

Іс-шараға саяси бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің 2-хатшысы Ким Иль Джунг, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов және басқалар қатысты

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және ретке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар талқыланды.

Тараптар Қазақстанның оңтүстіккореялық жұмысқа орналасуға рұқсат беру – Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив