Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Облыс әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында алдағы жылыту маусымына дайындық және халықты ауызсумен қамту мәселелері қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, көмір тасымалдаумен айналысатын мекеме өкілдері, аудан және қала әкімдері бейнережимде қатысты.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім басқармалары басшылары мен барлық аудан-қала әкімдері аймақ басшысына жылумен, сумен қамту бойынша ахуалды баяндап, есеп берді.

Аймақ басшысы жиында кемшіліктерге жол берген аудан әкімдері мен тиісті басқармалардың жұмысын сынға алып, осы бағыттағы жұмысты ширату бойынша нақты тапсырмалар берді. Жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, тұрғындарды ауыз сумен қамту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды кестеден кешіктірмей аяқтау қажеттігін айтты.

«Екі мәселе де өте өзекті. Үкімет отырысында да бірнеше мәрте қаралды. Қыс қыр астында тұр. Жылу маусымына аз уақыт қалды. Аяқ асты күн суытса жылу беруге дайын болуымыз керек. Жылыту маусымына дайындық өте үлкен жауапкершілік. Ал аудан әкімдері осыған тікелей жауапты. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты ширату қажет»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив