Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Алматы қаласында SPACES Қазақстан жобасының қорытынды семинары өтті

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында «Ғаламдық биоалуантүрлілік негіздемелік бағдарламасы аясында кеңістіктік жоспарлау мен қаржыландыру стратегиялары арқылы Қазақстанның ұлттық мақсаттарына қол жеткізуіне қолдау көрсету» (SPACES Қазақстан) жобасының қорытынды семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев қатысты. Семинарда жобаны жүзеге асыру нәтижелері талқыланды.

Жоба іске асырылған кезеңде деректерді жинау және талдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, мемлекеттік саясат пен заңнамалық базаны нығайтуға күш жұмсалды, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру мүмкіндіктері зерттелді. Бұл тәжірибе Қазақстанның биоалуантүрлілік саласындағы амбициялық міндеттеріне, соның ішінде Ғаламдық негіздемелік бағдарламаның 3-мақсатына қол жеткізу үшін ерекше маңызға ие.

Қорытынды семинардың мақсаты – мүдделі тараптарды SPACES-Қазақстан жобасының нәтижелерімен таныстыру болды. Олардың қатарында: аумақтарды сақтаудың басқа да тиімді шараларын (OECM) енгізу мүмкіндіктерін зерттеу үдерісінің басталуы, негізгі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) мен экологиялық дәліздерді кеңейту және нығайтуға қолдау көрсету, сондай-ақ ерекше маңызды мәселе ретінде – кеңейтілген ЕҚТА жүйесі мен басқа да сақталатын аумақтарды қаржыландыру мәселелерін зерттеу жұмыстары бар.

Орталық Азияда алғаш рет OECM үшін ықтимал кандидат ретінде пилоттық табиғи аумақтар бағаланды. Өткізілген бағалау нәтижелері қажетті заңнамалық өзгерістер тізіміне енеді және парламентте талқылауға ұсынылады, осылайша өңірде алғашқы OECM-ді ресми танудың негізі дайындалады. Бұл Қазақстандағы қорғалатын аумақтар желісін дамытуға маңызды қадам болып табылады және елге 2030 жылға дейін биоалуантүрлілікті сақтау мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив