Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында ерекше рәсім өтті. «Күз-2024» шақырылымымен әскери борышын өтеп жүрген Түркістан, Абай және Қарағанды облыстарынан келген 31 сарбаз Отан алдындағы абыройлы міндетін аман-есен аяқтады.

Сондай-ақ осы күні «Күз-2025» шақырылымымен Абай облысынан 23 сарбаз және Қарағанды облысынан 19 сарбазды қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Жас сарбаздар Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелерінде әскери қызметін атқарып, мемлекеттік шекарамызды қорғауға кіріседі.

Іс-шараға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Рахматуллаев Анвар Бахтиярович, Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Нүсіп Қуанышбек Нұржауұлы, Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Абдрахманов Рахат Шәріпұлы және Мақаншы ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Разуев Әбен Тұйғынұлы қатысып, сарбаздарға жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Бұл шара – әскер қатарынан аман-есен оралып жатқан сарбаздар үшін қуаныш, ал жаңа буын жас жауынгерлер үшін Отан қорғау жолындағы алғашқы қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив