Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мәжіліс Бірыңғай электронды архив құру мәселесін талқылайды

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста депутаттарға архив ісі мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасында архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы құқықтық реттеуді кеңейту, сондай-ақ электронды архив құру көзделген. Қолжазбаларды, суреттерді, сызбаларды, күнделіктерді, хат-хабарларды және мемуарларды сақтау мен пайдалану тәртібі айқындалды. Барлық сандық форматқа көшірілген архив құжаттамасын сақтауды қамтамасыз ететін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві»  автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік архивтердің азаматтардың жеке деректерін және жеке ақпаратын, соның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты сұраулар кезінде, қорғау функциялары бекітіледі.

Сондай-ақ жалпы отырыс барысында бейінді комитеттер жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алады. Олар: Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім, Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісім.

Отырыста депутаттар Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың төртінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын талқылайтын болады.

Сонымен қатар Бюро мүшелері Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өткізу жөніндегі бастаманы қолдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив