Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.68 568.23 6.2

ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті

16-09-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының медиафорумы ұйымдастырылды. Іс-шара ҚХА-ның 30 жылдығына арналды. Форум «Қазіргі медиакеңістіктегі этножурналистика: үрдістері мен даму бағыттары» тақырыбында өтті.

Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, отандық медиасфера өкілдері, соның ішінде ҚХА өңірлік журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, этникалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары қатысты.

Медиафорум барысында қатысушылар этносаралық диалог мәдениетін қалыптастыру, толеранттылықты нығайту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ этномедиа мен ҚХА журналистер клубтарының қызметін дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, медиакеңістікте жасанды интеллектіні қолдану тақырыбына ерекше назар аударылды.

ҚХА Журналистер клубы – медиасфера өкілдерін, баспасөз қызметкерлері мен блогерлерді және тәуелсіз сарапшыларды біріктіретін сараптамалық-коммуникациялық алаң. Оның негізгі міндеті – этносаралық тақырыптарды сапалы жариялау үшін мамандарды біріктіру, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық жауапкершілікті, құқықтық және медиасауаттылықты дамыту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив