Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қарулы күштерде байланыс әскерлерінің арнайы жаттығулары өтуде

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Қарулы күштерінде 2025 жылға арналған даярлық жоспары шеңберінде 22 қыркүйекке дейін жалғасатын байланыс әскерлерінің арнайы оқу-жаттығуы басталды.

Маневрлер ҚР ҚК Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышевтің басшылығымен өту үстінде. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – басқару органдарының, байланыс бөлімдері мен бөлімшелерінің орташа қарқынды қақтығыс жағдайында әскерлерді тиімді және сенімді байланыспен жедел қамтамасыз етуге дайындығын тексеру.

Оған Бас штабтың басқару органдары мен байланыс бөлімшелері, Ұлттық қорғаныс университетінің және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының зерттеу топтары тартылды. Өзара іс-қимылға орталық мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, бірқатар облыстар әкімдіктерінің мамандары, одан басқа байланыс операторлары мен күш құрылымдарының бөлімшелері қатысуда.

— Оқу-жаттығуға қатысушылар байланыс әскерлерін толық жауынгерлік даярлыққа келтіру мақсатында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды, – деп атап өтті полковник Асан Ақышев. – Орташа қарқындылықтағы қақтығыс жағдайында байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндет орындалатын болады.

Практикалық іс-шаралар барысында байланысшылар байланыс тораптары мен желілерін орналастыру дағдыларын жетілдіріп, ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін зерделейді, сонымен қатар басқарудағы үйлесімділікті арттырады. Оқу-жаттығу мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен өзара іс-әрекетті нығайтуға, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық және кәсіби қасиеттерді дамытуға арналған.

Оқу-жаттығуды өткізудегі ерекшелік болып Жалтыркөл елді мекенінен шартты жауынгерлік мақсаттағы пунктке — Ақмола облысының Шұбары ауылына "Жиналыс" далалық байланыс торабының маршы екенін айту керек. Бұдан бөлек, жабдықтардың жарамдылығы және елдің әр аймақтарындағы оқу-жаттығу полигондарымен ақпарат алмасу сапасы да тексеріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив