Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қазақстан қалалары мен аудандары толық көлемде цифрлық аэрофототүсіріліммен қамтылды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда картографиялық-геодезиялық саланы цифрландырудың ауқымды кезеңі аяқталды: елдегі барлық қалалар мен аудан орталықтары 100% цифрлық аэрофототүсіріліммен қамтылды. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография департаментінің директоры Қажымұқан Бекмұқашев Астанада өтіп жатқан БҰҰ-ның геодезия және картография мәселелері жөніндегі субөңірлік семинарында хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заңын іске асыру үшін 66 қосымша құқықтық акт бекітіліп, географиялық ақпаратқа қатысты ISO-ның 44 халықаралық стандарты үйлестірілді.

«Елде картографиялық және геодезиялық қамтамасыз етуде оң динамика байқалады. Бүгінгі таңда республиканың барлық қалалары мен аудан орталықтары цифрлық аэрофототүсіріліммен қамтылды. Қазақстан аумағының 97%-ы 1:25 000 масштабтағы жаңартылған цифрлық топографиялық карталармен қамтылған. Сонымен қатар, 1326 елді мекеннің (жалпы саны 6 500) цифрлық топографиялық жоспарлары әзірленді. Географиялық атауларды ұлттық стандарттау және оларды есепке алу тұрақты жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1:25 000 масштабтағы жаңартылған цифрлық топографиялық карталар негізінде ҚР Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы деректер қорының мониторингі жасалуда. Сондай-ақ деректер қорына атауы өзгертілген жаңа елді мекендердің атаулары енгізілуде. ҰКДИ жобасы аясында геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер жаңғыртылды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесі — QazTRF-23 енгізілді. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдарға картографиялық материалдарды, кадастрларды және геопорталдарды жаңа координаттар жүйесіне сәйкес қайта есептеуге көмектесіп, CORS желісін және дәл геодеректерді пайдалану бойынша кеңес берудеміз», — деп атап өтті Қажымұқан Бекмұқашев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив