Қазақстан–Германия ынтымақтастығы аясында су секторының дамуы талқыланды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы су секторының дамуы және қазақстандық-германдық ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Германияның экономика және энергетика саласындағы сарапшылары, сондай-ақ су ресурстарын басқару және инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істейтін ұйымдар қатысты. Іс-шараның пленарлық отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов сөз сөйлеп, су саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол су ресурстарын тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту және халықаралық әріптестікті кеңейтуге баса назар аударылатынын атап өтті.
Конференция аясында тараптар су саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу және Қазақстан мен Германия арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.
Конференция барысында қазақстандық және герман тараптары су секторындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа технологияларды енгізуге ниетті екенін жеткізді.