Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы облысында инвестициялық келісімге қол қою және жаңа алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың іргетасын қалау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов, Carlsberg Group компаниясының бас директоры Якоб Ааруп-Андерсен, Carlsberg Kazakhstan компаниясының бас директоры Вячеслав Мальцев қатысты.

«Бүгінгі күнді тарихи деп толық айтуға болады. Өйткені біз өңір үшін де, бүкіл еліміз үшін де маңызды үлкен жолдың бастауына куә болып отырмыз. Бұл жобаны жүзеге асыру – жай ғана заманауи кәсіпорынның құрылысы емес. Бұл – инвесторлардың Қазақстанға деген сенімінің символы, азық-түлік өнеркәсібін нығайтудың символы және алға сенімді қадам жасаудың белгісі», – деді Ермек Кенжеханұлы.

Жаңа өндірістік нысан 17 гектар аумақта салынатын болады. Өндіріс PepsiCo компаниясының лицензиясы бойынша жүзеге асырылады. Толық өндірістік қуаттылық жылына шамамен 1 млрд литр сусын шығаруға мүмкіндік береді. Негізгі өткізу нарықтары Қазақстан мен Қырғызстан болмақ. Жобаны іске асыру аясында Қазақстан экономикасына шамамен 344 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құю жоспарланған.

«Жаңа зауыт – бұл жай ғана өндірістік алаң емес. Бұл – Қазақстандағы біздің ұзақмерзімді міндеттемелеріміздің символы. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашатын, заманауи технологияларды әкелетін және жергілікті экономиканы дамытуға елеулі үлес қосатын инвестиция. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол аймақтағы ең заманауи әрі тұрақты зауыттардың біріне айналып, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін болады», – деп атап өтті Якоб Ааруп-Андерсен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив