Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Президентке «Көк шалғын» саябағының жобасы таныстырылды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Көкшетау қаласындағы «Көк шалғын» біртұтас қоғамдық кеңістігін қалыптастыру жобасы таныстырылды

Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі секілді қаланың ең көрнекті жерлерін үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін бірыңғай туристік бағытқа біріктіру көзделген.

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жоба аясында аумақты көгалдандыру, сондай-ақ автоматты суару жүйесі, құрғақ субұрқақ, декоративті шамдар мен сәнді орындықтар орнату жұмыстары жүргізілетінін айтты. Қопа көлімен және жаңа жағалаумен ұштасатын кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаға айналады. Жалпы аумағы 7,5 гектарға жуық жер абаттандырылып, жасыл желек отырғызылмақ.

Президентке «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылғаны туралы баяндалды. Жыл соңына дейін оның саны 11 мыңға жеткізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы биыл маусым айында пайдалануға берілген жаңа жағалаумен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив