Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Абай облысында егіншілік саласын қаржыландыру көлемі артты

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы облыста егін жинау алаңы 782,1 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар – 296,5 мың га, майлы дақылдар – 339,4 мың га, картоп – 5,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары – 5,2 мың га және жем-шөп дақылдары – 135,1 мың гектар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтарханов баяндады.

- Биыл егін жинау қарқыны жақсы. Бүгінге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 132,7 мың гектары орылып, бұл жалпы алқаптың 44,7 % құрады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерден айналып, 189,6 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде бидайдың 102 мың гектары жиналып, 153,6 мың тоннадан астам өнім алынды. Майлы дақылдар бойынша күзгі науқан енді басталынып, әзірге 220 гектар  орылып, 500 тонна өнім алынды. Ал картоптың 2,5 мың гектары жиналып, 53,9 мың тонна өнім қоймаларға тапсырылды. Көкөніс-бақша дақылдары да жақсы нәтиже көрсетуде: 2,7 мың гектардан 66 мың тонна өнім алынды, - деді басшы орынбасары.

Спикердің айтуынша, егін жинау науқанының үздіксіз жүруі үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 23 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Қазірде жөнелту кестесіне  сәйкес 8,5 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді.

-  Бүгінде егін жинау жұмыстарына 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ жұмылдырылған. Жиналған өнімді сақтау үшін облыста жалпы сыйымдылығы 206 мың тонна астық қабылдау кәсіпорындары мен диқаншыларда 870,9 мың тоннаға арналған қоймалар бар. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 63,6 мың гектарды құрап, бүгінде толық орындалды. Егіншілік саласын қаржыландыру көлемі артты. «Кең Дала» бағдарламалары арқылы шаруашылықтарға 9,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бұл жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында,- деп қорытындылады Мирас Тохтарханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив