Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Ауыл оқушысы сыныпқа арналған тазартқыш құрал ойлап тапты

23-09-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Аягөз ауданы Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Бейсен Бертан сыныптағы тазалықты жеңілдетуге арналған шағын құрылғы құрастырды.

Тазартқыш қалақ парта үстіндегі, едендегі ұсақ қоқыстарды, қағаздарды және шаңды тез жинайды.

«Әдетте сыныпта еден жуылады, бірақ қоқыс сыпырылмайды. Сол себепті парта арасында ұсақ қоқыс жиналып қалады. Мен осы мәселені шешкім келді», — дейді оқушы.

Құралдың сызбасын өзі қағазға түсіріп, батарея мен қосқыштың орнын анықтады. Корпусын пластик қораптан жасап шықты. Ішіне айналмалы щетка орнатып, қозғалтқышты батарея арқылы іске қосты. Құралды мектеп жағдайында сынақтан өткізіп, сынып ішінде қолданып көрді.

Бұл тәжірибе оған тұрмыстық қалдықты қайта пайдалану жолын, электр тізбегін жинауды және шығармашылық ойды дамытуды үйретті.

«Алдағы жоспарым — құралды жетілдіріп, қуатын арттыру. Сонда ол басқа сыныптарда да қолдануға ыңғайлы болады», — дейді Бертан.

Жетекшісі: Құралай Ерали.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив