Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
545.01 642.84 6.52

Жылыту маусымына дайындық: Олжас Бектенов тапсырмалардың орындалу барысын тыңдап, Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалалардағы мәселелерге тоқталды

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектеновке аптадағы жағдай туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады. 

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары – соңғы сатысында. Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделді, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық, 16 турбина және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Роман Скляр өткен Үкімет отырысынан кейін Степногорск қаласындағы жылу желілерінде барлық жұмыстар аяқталғанын баяндады. Аягөз қаласы да жылыту маусымының басталуына дайын. Орал қаласында бір апта ішінде тағы 20% жұмыс аяқталды, жалпы прогресс 85%-ды құрайды. 

Аягөз қаласының орталық қазандығындағы №3 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды, №2 қазандықтың дайындығы 70%-ды құраса, №1 қазандық 20%-ға дайын. Сәтбаев қаласында №2 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша биылғы 30 қыркүйекке дейін №1 қазандық дайын болады. №3 қазандықтарды жөндеу тиісінше 82%, ал №4 қазандықта 48% орындалды.   

Аталған нысандардағы жұмыстар биылғы 1 қазанға дейін аяқталу қажет, деп атап өтті Роман Скляр.

«Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, сондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын.  Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар», — деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов. 

Аталған жұмыстарды бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив