Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан мен Грузия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

26-09-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік вице-министрі Максат Қалиақпаров Грузияның Инфрақұрылым министрінің бірінші орынбасары Вахушти Багратиони және Грузияның Қазақстандағы елшісі Леван Диасамидземен кездесті.

Тараптар транзиттік дәліздерді дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және салалық ведомстволар арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әсіресе Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орта дәліздің маңызына назар аударылды.

Мақсат Қалиақпаров Қазақстанның ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтсе, Вахушти Багратиони транзит саласында Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде жоғары бағалады.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив