Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Шар қаласы назардан тыс қалған жоқ

29-09-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Шар қаласына жеткілікті көңіл бөлінбей отыр деген пікірлер айтылып жүр. Алайда нақты деректер бұл пікірдің шындыққа толық сәйкес еместігін көрсетеді. Қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қаржыландыру және жүзеге асырылып жатқан жобалар

Мемлекеттік кредит есебінен – 448 млн теңге:

• 24 пәтерлік 12 жалдамалы тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Жыл соңына дейін толық аяқталады.

Ұлттық қор есебінен – 200 млн теңге:

• Қалалық бассейн құрылысы басталды, іргетасы қалануда.

Облыс бюджетінен – 630 млн теңге

• Қалалық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді (407,1 млн тг).

• Екі футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып жатыр (66 млн тг).

• Теміржолшылар скверін абаттандыру жалғасуда (36,1 млн тг).

• Төрт мектептің жөндеу жұмыстары мен жобалау құжаттарына 87,9 млн тг бөлінді.

Аудан бюджетінен – 101,5 млн теңге:

• Қаланың жолдарын жөндеуге – 42 млн тг.

• Көгалдандыру, жарықтандыру, санитария және сумен жабдықтауға – 39,5 млн тг.

Қаланың өзіндік кірістері есебінен:

• Балалар ойын алаңы салынуда, қазан айында толық аяқталады (20 млн тг).

Жеке инвестициялар:

• «Картел» ЖШС қаланың оңтүстік және солтүстік бөлігінде антенна-діңгек құрылғыларын орнатып жатыр.

Келесі жылға дайындық

• Тәуелсіздік, Сүлейменов, Биғозыұлы, Әубәкіров және Шар–Сарыарқа көшелерін жөндеуге арналған жобалық құжаттама дайындалып, 2026 жылғы бюджетке ұсынылды.

• Карелин атындағы мектептің спорт залы мен асханасының құрылысына құжаттама әзірлеуге 18,3 млн теңге игерілді.

Әкімнің есеп беруі

Президент Жарлығына сәйкес, облыс әкімінің есептік кездесулері аудан деңгейінде өтеді. Шар қаласы – Жарма ауданының құрамындағы қала болғандықтан, әкім заңға сай аудан халқына есеп берді. Сонымен бірге облыс әкімі Шар қаласына арнайы барып, өзекті мәселелермен танысты.

Шар қаласының инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарын дамытуға қомақты қаражат бөлініп, нақты жобалар жүзеге асырылуда. Әрине, сын – қоғам дамуының бір бөлігі, алайда ол әділ әрі деректерге негізделген болуы тиіс. Шар қаласын дамытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив