Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

Астана ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасын ұйымдастырады

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

20–25 қазан аралығында Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған ІІ Шахмат олимпиадасы (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) өтеді. Оған әлемнің 32 елінен келген 35 команда қатысады. 

Салтанатты ашылу рәсімі 20 қазан күні сағат 14:00-де басталады.

Жарыс Паралимпиадалық жаттығу орталығында (Нұра ауданы, Қараөткел-3 шағын ауданы, Ақшоқы қиылысы, 2) өтеді.

1–5-турлар 20–24 қазан аралығында сағат 15:00-де басталады, ал 6-шы тур 25 қазанда сағат 11:00-де өтеді. 25 қазанның кешінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау және жабылу салтанаты ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар: Халықаралық шахмат федерациясы – FIDE, Қазақстан шахмат федерациясы (Kazchess), ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасына (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) қолдау көрсеткендер: Freedom Holding, Freedom Шапағат корпоративтік қоры және Air Astana.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған ІІ Шахмат олимпиадасы (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) – «төртке төрт» форматындағы командалық жарыс. Аралас командалар үш санаттағы ойыншылардан құрыла алады: есту қабілеті бұзылғандар, көру қабілеті бұзылғандар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар (ТҚАЗ). Әр командада кем дегенде бір әйел ойыншы және қалаған жағдайда кем дегенде екі халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) рейтингі бар ойыншы болуы тиіс. Команда капитаны ойыншы бола алады.

Қатысушы командалар:

  • Еуропа – 9 команда: Польша (2023 жылғы шахмат олимпиадасының жеңімпазы), Венгрия, Германия, Израиль, Солтүстік Македония, Сербия, Украина, Хорватия және Чехия;
  • Азия – 7 команда: Бангладеш, Үндістан, Мьянма, БАӘ, Өзбекстан, ФИДЕ-1 және Филиппин;
  • Солтүстік және Оңтүстік Америка – 7 команда: Аргентина, Венесуэла, Колумбия, Панама, АҚШ Чили және Куба;
  • Африка – 5 команда: Мысыр, Замбия, Зимбабве, Кения және Уганда;
  • Ерекше қажеттіліктері бар ойыншылардың халықаралық қауымдастығы (International Associations of Players with Disabilities) үш командамен қатысады: есту қабілеті бұзылғандар – International Chess Committee of the Deaf (ICCD), көру қабілеті бұзылғандар – International Braille Chess Association (IBCA), тірек-қимыл аппараты зақымданғандар – International Physically Disabled Chess Association (IPCA);
  • ФИДЕ президентінің квотасы бойынша екі команда ұсынылған – ФИДЕ-2 және Қазақстан ICCD;
  • Жарыс иелері – Қазақстан екі командамен шығады: Қазақстан-1 және Қазақстан-2.

Олимпиада аясында International School Chess Federation әлеуметтік-білім беру бастамаларын жүзеге асырады: гроссмейстердің балалармен бір мезетте ойнау сеансы, Коста-Риканың спорт және рекреация министрі Дональд Рохас пен басқа да қонақтармен мотивациялық кездесу, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған жаттықтырушылар мен ата-аналарға арналған семинар өтеді.

Біздің анықтама:

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған алғашқы шахмат олимпиадасы алғаш рет 2023 жылдың 29 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Сербия астанасы Белградта өтті. Оған 26 команда қатысты. Барлық 6 матчты жеңіп, Польша құрамасы жеңімпаз атанды. Құрамы: гроссмейстер Марцин Тазбир (2507), ФИДЕ шебері Марцин Моленда (2381), Павел Пекельный (2230), IM Пётр Дукачевский (2131) және капитан IM Яцек Стаханчик (2189).

Қазақстан құрамасы 4 командалық ұпаймен (+1=2–3) және 9½ жеке ұпаймен 23-ші орынды иеленді. Құрамы: FM Серік Сұлтанов (2266), Серік Маклушев (0), Әділхан Қожабеков (1939), Нина Жуковская (1474) және капитан Мейірбек Нүсіпбаев.

Аккредитация үшін байланыс: Абылай Исин + 7 706 693 36 61

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив