Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.53 623.94 6.59

Абай гарнизонында сарбаздарды шығарып салу салтанаты өтті

Бүгін, 10:54 018.kz

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген сарбаздарды шығарып салу салтанатты жиыны өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталып, сарбаздардың жауынгерлік тумен қоштасуымен жалғасты. Бұл — әрбір жауынгер үшін аса маңызды әрі толғанысты сәт.

Салтанатты жиынға әскери бөлім командирі, полковник Абылай Шілдебаев қатысып, өз құттықтау сөзін арнады. Ол сарбаздарға алғысын білдіріп, азаматтық өмірлерінде табыс тіледі.

— Сіздер әскери борыштарыңызды абыроймен атқарып, нағыз ер-азамат ретінде қалыптастыңыздар. Енді алған тәжірибелеріңізді бейбіт өмірде де қолдана біліңіздер. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі сіздердің де үлестеріңізбен қамтамасыз етілуде, — деді.

Әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, әскери тәртіптің үлгісін көрсетті. Шара барысында борышын өтеген сарбаздар да сөз алып, алғыстарын білдірді.

— Бізге патриоттық рухты сіңіріп, шын мәнінде ер-азамат ретінде қалыптастыруға үлес қосқан командирлерімізге және барша әскери қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Бұл жерде өткізген әр күніміз біз үшін үлкен мектеп болды, — деді ефрейтор Аслан Әділбекұлы.

Салтанатты рәсім соңында сарбаздарға естелік сыйлықтар табысталып, болашақ өмірлеріне сәттілік тілеген ақ тілектер айтылды.

Осылайша, ел қорғаған ерлер өз борыштарын орындап, туған жерлеріне оралды. Олардың әрқайсысы Отан алдындағы парызын өтеп, нағыз ерлік пен тәртіптің үлгісін көрсетті.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив