Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семейде сарбаздарды шығарып салды

Бүгін, 11:18 018.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеген 138 сарбаз үйлеріне аттанды. Еліміздің әр өңірінен шықырылған жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен өткеріп шықты. Оларды әскери бөлім басшылығы салтанатты түрде шығарып салды. 

Бөгенбай батыр атындағы механикаландырылған бригада сапында мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды шығарып салу ерекше сән салтанатымен өткізілді. Саптық алаңда сарбаздар әскери бөлім ұжымымен қоштасып, аман-есен үйлеріне жіберілді. Ал бөлімнің барлық жеке құрамы бір жыл бойы абыроймен қызмет еткен жігіттерге алғыстарын айтты.

Бригада командирі подполковник Еркін Жоламанов қызмет барысында сарбаздардың жетістіктері мен әскери тәртібін атап өтті, өткен бір жыл ішінде барлық сарбаздар өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғанына алғыс білдірді.

- Біздің мақсатымыз - сіздерді отансүйгіш, елімізді қорғай алатын азамат қылып тәрбиелеу болатын. Ол мақсатқа толықтай жеттік деп сеніммен айта аламын. Өйткені, өздеріңіздің қатысуларыңызбен қаншама оқу-жаттағуларын өткіздік. Оған барлау шабуылдау ротасы, барлау батальоны мен артиллериялық дивизион сапында мерзімді әскер  қызметін өткерген сарбаздар ерекше ынта жігерлерімен қатысты. Алысқа бармай-ақ жақында өткізілген рота тактикалық оқу жаттығуын айтуымызға болады. Сарбаздар қандай пәрмендер берілсе де әртүрлі қару түрлерін қолдана отырып, тактикалық оқу жаттығуларына жоғары деңгейде қатыса алды. Сіздерге осы қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Ел басына күн туса сіздер сапқа тұрып, Отан қорғайтындарыңызға сенемін, - деп атап өтті бригада командирі подполковник Еркін Жоламанов.

Салтанатты шарада дивизион командирі майор Әділет Төлегенов, жас сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Қуаныш Айдаров және Ауған соғысының ардагері Нұрлан Көрпешов құттықтау сөз алып, мерзімді әскери қызметін өткерген сарбаздарға жылы лебіздерін жеткізді. 

- Сіздермен бір әскери бөлімде қызмет еткеніміз үлкен мәртебе болды. Сіздердің сабырлықтарыңызбен, батыл іс әрекеттеріңізді біздер үлгі санадық. Сіздерден көп нәрсе үйрендік. Соны алдағы қызметімізде қолданамыз. Запасқа шығуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын, - деп атап өтті жас сарбаз қатардағы жауынгер Қуаныш Айдаров.

Шара барысында сарбаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттылды. Салтанатты жиыннан кейін мерзімді қызметін өткерген жауынгерлер саптық алаңда соңғы рет шерумен өтіп шықты. Соңында әскери бөлім ұжымымен естелікке суретке түсті. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив