Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Түзеу мекемелеріндегі цифрландыру сотталғандардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді

17-04-2023, 14:44 018.kz

Бас прокуратураның бастамасымен пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде электрондық өтініштер терминалдары орнатылуда.

Осы жаңашылдықты іске асыру шеңберінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сотталғандарға мекеме әкімшілігінің бақылауынсыз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін функционал әзірледі. Қазіргі уақытта бейне хабарлама функциясы енгізілуде.

Жалпы, электрондық форматта сотталғандар 8 мыңнан астам өтініш берген (2020-2023жж.).

Терминалдарды орнату жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігісіз шағымдар мен өтініштер жіберуге, оның қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануға мүмкіндік береді.

Мысалы сотталған «Н» осы терминал арқылы Бас прокуратураға мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, негізссіз тәртіптік жаза қолдану және ҚК 428-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тікелей хабарлай алды. 

Қазіргі уақытта терминалдар санын және оларды қолдану аясын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл процесті цифрландыру жабық мекемелердегі азаматтардың құқықтарын заңсыз әрекеттерден қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив