Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
528.31 608.35 6.55

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау жиыны өтті

14-10-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ұлы ойшыл, қазақ халқының ғасырлар бойғы рухани темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау жөніндегі кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы төрағалық етті.

Жиынға мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәдениет, білім, спорт салаларының өкілдері, сондай-ақ мерейтой іс-шараларын жүзеге асыруға атсалысқан белсенді азаматтар қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі мерейтойлық жыл аясында атқарылған жұмыстарды саралап, Абай мұрасын ұлықтау бағытында жүзеге асырылған игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Өңірде өткен әдеби-мәдени шаралар, ғылыми конференциялар, жарыстар мен экспедициялар рухани құндылықтарды насихаттауда, жастардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруда зор ықпал еткені айтылды.

Абай ауданында мерейтойды лайықты деңгейде өткізуге белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан басшысының алғысына ие болды. Оларға Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған арнайы төсбелгілер, облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.

Жиын соңында мерейтойлық жылда басталған жобаларды жалғастырып, Абай мұрасын ұрпақ санасына терең сіңіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатыны атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив