Абай облысы мен Қытайдың екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Кездесуде тараптар өзара тауар айналымы бөлігінде Абай облысы мен Қытай мемлекетіне тиімді екіжақты ынтымақтастығын талқылады.
- Абай облысында өзара тиімді ынтымақтастыққа және бірлескен кооперациялық жобаларға дайын өнеркәсіптік кәсіпорындардың белгілі бір шоғырлануы бар. Мысалы, "Qazaq Astyq Group" ЖШС-де шыны және сыра өндірісін жаңғырту, "Семей машина жасау зауыты" АҚ-да инженерлік техниканы дайындау және күрделі жөндеу, жұмыртқа өндіру бойынша "SEMEI QUS" ЖШС-нің қуатын арттыру сияқты бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісті кеңейту мақсатында сіздердің инвесторларыңыздың ұсыныстарын қарауға дайын. Өз тарапымыздан мұндай жобаларға барынша қолдау көрсетеміз, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Бұдан басқа, қытайлық инвесторлардың назарына 55 гектарға бос алаңы және 155 гектарға кеңейту әлеуеті бар "Өндіріс" индустриялық аймағы ұсынылады.
- Келесі жылы ұзындығы 1,7 км теміржол және индустриалды аймақтың резиденттері үшін қоймасы бар тұйық жол салу жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін біздің облыс бірегей табиғи-климаттық жағдайларға ие және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 млн гектар алқапқа ие, - деп толықтырды облыс басшысы.
Сонымен қатар, Цзян Вэй жасанды интеллект, жасыл энергетика, логистика, инфрақұрылым және т. б. салаларда ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ