Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
535.83 624.94 6.69

Абай облысында метаматика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы білім басқармасы мен Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау және қолдау. Олимпиадаға облыстың қала және аудан мектептерінен барлығы 153 педагог (оның ішінде 107 математика және 46 информатика пәні мұғалімі) қатысты.

Математика пәні бойынша олимпиада екі турдан (практикалық және әдістемелік), ал информатика пәні бойынша бір практикалық турдан тұрды.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен математика пәні бойынша 2 педагог І орын, 7 педагог ІІ орын, 9 педагог ІІІ орын иеленді. Информатика пәні бойынша 2 педагог І орын, 3 педагог ІІ орын, 5 педагог ІІІ орын иеленді. Барлық жеңімпаз бен жүлдегер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен 3 математика және 2 информатика пәні мұғаліміне республикалық физика-математика мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өтетін IMPACT Olympiad–2026 халықаралық шығармашылық байқауына жолдама берілді. Жолдамаларды «SemeyMath» математика мектебі және «Erudit Group» білім беру орталығы ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив